
«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 3 наурызда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескерту жариялады.
3 наурызда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау аслураныда екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: түннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде Ақмола облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астана қ.: түнде қар, күндіз аздаған қар күтіледі. Жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында туман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ. күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: қар, бұрқасын күтіледі.
Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: қар, бұрқасын күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз кей уақыттарда шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында туман күтіледі. Ақтау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: күндіз көктайғақ күтіліді. Тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ, тұман күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарға сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге және сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
В Атырау -10