
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық өзгерістер болды. Мемлекет басшысы төраға орынбасарларының бірін қызметінен босату және жаңасын тағайындау туралы өкімдерге қол қойды.
Айнура Камидуллаевна Серғазиева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Сонымен қатар Президенттің өкімімен бұл қызметке Ұлан Әбділқайылұлы Бекіш тағайындалды.
Білімі:
· І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.
Еңбек жолы:
· Ақпараттық технологиялар кафедрасының зертханашысы, ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы (09.2008–06.2009);
· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы», Астана қ., БМЖП енгізу және пайдалану бөлімінің маманы, жетекші маманы (06.2009–08.2012);
· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы», Астана қ., БМЖП енгізу және пайдалану бөлімінің бастығы (08.2012–01.2013);
· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ШЖҚ РМК «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы», Астана қ., кешенді тестілеу бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің бастығы, денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары (01.2013–06.2016);
· «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, Нұр-Сұлтан қ., цифрлық трансформация департаментінің директоры (08.2016–11.2020);
· Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының оқытушысы (09.2020–01.2021);
· «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, Өскемен қ., Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары (проректор) (01.2021–04.2022);
· «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Бас директоры (04.2022 жылдан бастап).
Тиісті құжаттар Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
В Атырау -10