
1 наурыз – Алғыс айту күні Атырау облысы үшін ерекше қуанышқа толы болды. Бұл күні өңірде 24 нәресте дүниеге келді: олардың 10-ы ұл, 14-і қыз бала.
Көктемнің алғашқы күнінде өмірге келген сәбилердің дүниеге келуі тұрғындар үшін символдық мәнге ие оқиғаға айналды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сәйкес, перзентханаларда аналар мен балаларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.
Облыстың штаттан тыс акушер-гинекологы Меруерт Айдарханова бұл оқиғаны өңір үшін маңызды әрі қуанышты жаңалық деп атап өтті:
«Осындай мағыналы күні 24 сәбидің дүниеге келуі – үлкен қуаныш. Әрбір ана мен баланың амандығы – біздің басты назарымызда. Дәрігерлер тәулік бойы қызмет етіп, барлық қажетті көмекті көрсетуде. Жас отбасыларды шын жүректен құттықтаймыз», – деді ол.
В Атырау -10