Атырау, 2 наурыз 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

​Қазақстаннан мұнай қабылдайтын Ресейдегі терминал шабуылға ұшырады

130 рет қаралды
Сурет: chernomor.transneft.ru
Сурет: chernomor.transneft.ru

Новороссийскіде теңіз портына шабуыл жасалған жағдай тіркелді. Ресейлік дереккөздердің хабарлауынша соққы "Шесхарис" мұнай құю кешеніне тиген.

Алдын ала мәлімет бойынша терминалдағы жеті мұнай құю стендерінің алтауы зақымданған. Қирау ауқымы және кешен жұмысына ықтимал әсері туралы ресми мәліметтер нақтыланып жатыр.

"Шесхарис" ауыстырып тиеу кешені Еуропадағы ең ірі кешендірінің бірі және Ресейдің оңтүстігіндегі негізгі мұнай торабы болып саналады. Ол арқылы Батыс Сібірден, Оралдан, Поволжьеден, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжаннан келетін шикізат экспорты өтеді.

Сарапшылар терминал жұмысындағы кез келген үзілістер Қара теңіз өңіріндегі мұнайды теңіз арқылы жеткізу көлеміне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Бүгін, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.