Атырау, 2 наурыз 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

​Су тасқыны алдында Ирикла су қоймасының суы азайтылды: Жайықтың жағдайы не болмақ?

184 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресейде көктемгі су тасқынына дайындық жалғасып жатыр. Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасы қыстың басынан бастап қардың еріген суын қабылдау үшін орын босату мақсатында арнайы азайтылып жатыр, деп хабарлайды Урал56.ру.

1 наурыздағы жағдай бойынша су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша 241,9 метрді құрады. Бұл қалыпты деңгейінен (245 мБС) 3,1 метрге төмен. Осылайша, су қоймасы үш метрден астам төмендетілді.

Желтоқсан айынан бастап су жіберу көлемі біртіндеп ұлғайтылды. 15 ақпаннан бастап су шығыны секундына 139 текше метр деңгейінде белгіленді.

Бүгін, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.