Атырау, 2 наурыз 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар үшін көмек кабинеттері ашылады

111 рет қаралды

Бұл кабинеттерде кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша барлық қажетті қызметтер ұсынылады: алғашқы психологиялық көмек, сот-медициналық сараптама, сауалнама жүргізу және бейінді мамандардың кеңесі бір жерде көрсетіледі.

Жаңа жүйе балалардың әртүрлі ұйымдарға бару қажеттілігін жойып, психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алу қаупін азайтады.

Бұл жаңашылдық 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңда көзделген. Норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енді. Жақын арада кабинеттердің қызмет қағидалары бекітіліп, өңірлерде кезең-кезеңімен ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар заң аясында зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған немесе оның куәсі болған балаларды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары әзірленді. Құжат мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, 111 байланыс орталығының, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен өңірлік уәкілдердің өзара іс-қимылын реттейді. Бұл балаларға уақтылы және кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.