
АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін мұнай нарығы алғашқы саудада 10–15% өсім көрсетуі мүмкін. Дегенмен, сарапшылар мұнайдың 150 долларға көтерілетініне сенбейді, деп хабарлайды EADaily.
Bloomberg шолушысы Хавьер Блас ең жоғары болжамдар мұнайдың 100 доллар деңгейіне жетуі мүмкін екенін айтады. Бұл 2022 жылғы 139 доллардан және 2008 жылғы тарихи максимум — 147,5 доллардан төмен.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай нарығында үлкен дағдарысқа себеп жоқ. Себептері:
- АҚШ пен Израиль Иранның мұнай инфрақұрылымына соққы жасамады;
- Ормуз бұғазы жабылған жоқ, танкерлер қозғалысын жалғастыруда;
- Сауд Арабиясы мен Иран шабуылға дейін экспорт көлемін арттырған;
- АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісі нарықтағы тұрақтылықты күшейтеді.
Қытай соңғы екі жылда стратегиялық мұнай қорын жинақтап, бұл да ықтимал дағдарысты жұмсартуы мүмкін. Иран мұнайын негізінен Қытай сатып алады. Қажет болған жағдайда Батыс елдері де өз резервтерін пайдалана алады.
Ресей үшін жоғары баға мен сұраныс тиімді болуы ықтимал. Ресейлік өкіл Кирилл Дмитриев баррель бағасы 100 доллардан асуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Ресей мұнайды қара нарық арқылы Үндістанға сатуы мүмкін деген болжам бар.
Батыс сарапшылары қазіргі жағдайды мұнай нарығы үшін уақытша тербеліс деп бағалап отыр, ал әлемдік экономика 1970-жылдардағыдай мұнай дағдарысына ұшырамайды.
В Атырау -10