
Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алды.
«Фитосанитария» РМК жүргізген сараптама қорытындысы бойынша үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) табылды.
Әкімшілік іс материалдары Қазақстан заңнамасына сәйкес сотқа жолданды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заң талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Бақылау рәсімдері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау — аграрлық секторды қорғаудың және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты болып қала береді.
В Атырау -10