
Қазақстанда қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдайға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды кеңейтті.
Жағдай тұрақталғанға дейін 6–10 айлық балаларға қосымша иммундау енгізілді. Бұрын егілмеген 2–5 және 7–18 жастағы балаларға, сондай-ақ вакцинациясы расталмаған 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне толықтырып вакцинациялау жүргізілуде. Ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттету шаралары қабылданды.
Қабылданған шаралар алғашқы нәтижесін көрсетті: өткен аптамен салыстырғанда қызылша жағдайлары 417-ден 311-ге дейін азайды, бұл 106 жағдайға немесе 25,4%-ға төмендеу. Дегенмен, эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақтанған жоқ.
Аурудың ең көп тіркелген өңірлері: Астана қаласы — 81 жағдай, Алматы қаласы — 48, Алматы облысы — 57, Батыс Қазақстан облысы — 29, Атырау облысы — 57 және Қостанай облысы — 57 жағдай. Негізгі науқастар — вакцинацияланбаған 14 жасқа дейінгі балалар.
2026 жылдың басынан бері қосымша иммундаумен 6–11 айлық 36,7 мың бала қамтылды. Жоспарлы вакцинация бойынша 1 жастағы 21,4 мың бала (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) егілді. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам толықтырып иммундаумен қамтылды.
Министрлік жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастырып, ден қою шараларын үйлестіруде. Уақтылы вакцинациялау және азаматтардың профилактикаға жауапкершілікпен қарауы халық денсаулығын сақтаудың және қызылшаның таралуын тоқтатудың негізгі шарты болып қала береді.
В Атырау -10