Атырау, 2 наурыз 12:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

​​Атырауда Алғыс айту күні аталып өтті​: театр, ән-күй, би және ЖИ технологиялары

Сурет Бейнежазба
112 рет қаралды

Атырау қаласындағы Салтанат сарайында Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.  

Мерекелік бағдарлама аясында көрермендерге жасанды интеллектінің көмегімен сахналанған ата мен бала арасындағы тағылымды диалог ұсынылды. Қойылым арқылы Алғыс айту күнінің мәні, қоғамдағы татулық пен бірліктің құндылығы жеткізілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, жиынға облыстағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт те ұйымдастырылды.


Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Жәнібек АМАНИЯЗОВ Алғыс айту күні адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыруға бағытталған мереке екенін атап өтті. 

- Бүгінгі шара еңбек ардагерлеріне, мұғалімдерге және түрлі салада қызмет етіп жүрген еңбек адамдарына алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұсынылып отырған көріністеріміздің басым бөлігі еліміздің тәуелсіздігі жолында еңбек етіп жүрген және ел дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлеріне арналады, – деді ол.

Концерт барысында этномәдени бірлестіктердің, мәдениет саласы мен аудандардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Көрермен қауым ұлттық ән мен биді, дәстүрлі музыкалық туындылар мен сахналық қойылымдарды тамашалады.

Бүгін, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.