
Еске сала кетейік, «Жайық-Binom» мектебінде оқушы мен оқу ісінің меңгерушісі арасындағы даудан кейін қыздың анасына сыныптастарының жазбаша түсініктемелері мен оқудан шығаруы мүмкін екені туралы хабарлама көрсетілген. Келесі күні қыз жоғалып кетіп, көп ұзамай табылды.
Білім басқармасы тексеріс жүргізіп, қыздың оқуын жалғастыратынын мәлімдеді.
Әңгіме 10 «П» сынып оқушысы туралы болып отыр. Бұған дейін анасының айтуынша, мектеп әкімшілігі сыныптастарынан жасөспірімге қатысты шағымдар жазылған жазбаша түсініктемелер жинаған. Бұл материалдар ата-анаға әңгіме барысында көрсетіліп, оқудан шығару мәселесі қарастырылатыны айтылған.
Редакцияның қолында түсініктемелер мен хабарлама көрсетілгенін растайтын мектеп құжаттары бар.
Анасының айтуынша, осы кездесуден кейін қыз қатты күйзеліске түскен. Келесі күні үйден кетіп қалып, байланысқа шықпай қойған. Кейін полиция қызметкерлері оның қайда екенін анықтады.
Ал мектептің өзінде оқиғаға қатысты басқа нұсқа айтылды. «Жайық BINOM School» мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Демесинова БАҚ-қа берген пікірінде жасөспірімнің тәртібіне баға беріп, оның сабаққа кешігіп келгенін, сабақ үстінде ұйықтағанын және басқа да тәртіп бұзушылықтарға жол бергенін айтты.
Осылайша ішкі жанжал нақты бір жасөспірімге қатысты шағымдар тізімімен бірге көпшілікке жария болды.
Бұл мәлімдемелерден кейін әлеуметтік желілерде оқушыға қарсы теріс пікірлер басталған. Анасының айтуынша, қыз бала болып жатқан жағдайды ауыр қабылдауда,
Редакция жарияланған материалға пікірлер жазу мүмкіндігін жабуға мәжбүр болды. Жазба астына аватарсыз аккаунттар белсенділікпен шабуылдай бастады: пікірлерде оқушыны қаралап, директор орынбасарының әрекеттерін қолдады. Кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты болғандықтан, қысымды күшейтпеу үшін талқылаутоқтатылды.
Атырау облысының білім басқармасы тексеріс 2026 жылғы 26 ақпандағы №33 бұйрық негізінде жүргізілгенін хабарлады. Ведомство өкілдері анасы мен оқушымен кездесіп, директордың орынбасарын тыңдап, психологиялық қызметтің жұмысын зерттеді
Тексеріс қорытындысы бойынша оқушы аталған мектепте оқуын жалғастыратыны расталды.
Алайда ресми жауапта сыныптастарынан түсініктеме жинау тәжірибесіне, бұл материалдарды оқудан шығару туралы хабарламамен бірге көрсету заңдылығына және кәмелетке толмағанға қатысты тәртіптік шағымдарды көпшілік алдында талқылаудың дұрыстығына баға берілгені нақты көрсетілмеген.
Ресми түрде тексеріс аяқталды. Мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Ал қай кезде тәрбие жұмысы оқушыға көмектеседі, ал қай кезде ол қысымға айналады деген сұрақ нақты жауапсыз қалды.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10