Атырау, 27 ақпан 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 10% өсті - ҚМГ-ның 2025 жылғы көрсеткіштері

97 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) 2025 жылғы негізгі өндірістік көрсеткіштерін жариялады

Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») 2025 жылғы өндірістік нәтижелерді жариялайды.

2025 жылғы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • ҚМГ көмірсутегінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 1,1% өсіп, 724 млн тонна м.э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,0% өсіп, 26 211 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 0,2%-ға төмендеп, 83 330 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі өткен кезеңдегі 19 158 мың тоннамен салыстырғанда 20 980 мың тоннаны құрады.

Бағыттар бойынша нақты мәліметтер 

Өндіру:

— Ірі жобаларға қарамай ҚМГ-нің операциялық активтерінде барлығы 14,293 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді. 

— Негізгі үлесті ірі жобалар қосты: Теңіз (+40,3%) және Қашаған (+4,9%).

Қайта өңдеу және мұнай өнімдері:

— Қазақстандық МӨЗ-де қайта өңдеу кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен шикізат жеткізілімінің өсуі есебінен артты. 

— Румыниядағы KMG International зауыттарында қайта өңдеу көлемі жөндеуден кейін қуаттарды қалпына келтіру есебінен үштен бірге жуық өсті.

Өнімді өткізу: 

ҚМГ үлесімен мұнай және газ конденсатын өткізу көлемі 9,4%-ға өсті, бұл ретте елеулі бөлігі экспортқа жеткізіледі.

ҚМГ өндірістік көрсеткіштер компанияның бірлескен және қауымдастырылған жобаларға қатысу үлесін ескере отырып келтірілгенін, ал есептің өзі бизнестің негізгі бағыттарының дамуының тұрақты динамикасын көрсететінін атап өтті.

Бүгін, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.