
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ақордада мәжіліс залынан тыс жерде Shell халықаралық компаниясының Қазақстандағы жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Forbes Kazakhstan.
Бұған дейін БАҚ беттерінде Shell компаниясы мемлекет тарапынан келіп түскен сот талаптары реттелгенше, елдің мұнай-газ секторына инвестиция салуды тоқтатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.
Министрдің айтуынша, ведомство жағдайды түсіндіру үшін компанияның атына ресми сауал жолдады. Ақкенженов Shell өкілі Сюзанн Куганның өткен аптада оған компания басшылығының сөздері қазақстандық БАҚ-да дұрыс түсіндірілмегенін айтқанын хабарлады.
Министр атап өткендей, Shell өкілдерінің сөзінше, компания Қазақстандағы жобаларды одан әрі дамытуға мүдделі. Атап айтқанда, газ кен орындарының бірін игеруге қатысу мәселесі қарастырылып жатры.
«Олар Қазақстанға инвестиция салады. Бірақ біз Shell компаниясының ресми жауабын күтуіміз керек», - деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.
Ақкенженов сондай-ақ инвестицияны тоқтату туралы айтылған мәлімдемелер Қашаған кен орнын игерудің екінші кезеңін жүзеге асыру мерзіміне әсер етпегенін мәлімдеді.
В Атырау -10