Атырау, 27 ақпан 16:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

​Тоқаев Сербия президентіне Қазақстанның жоғары мелекеттік марапатын тапсырды

98 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді. Сербия ол жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келетінін, халықаралық беделі де арта түскенін атап өтті. 

Тоқаевтың айтуынша, Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген. Барлық деңгейде белсенді саяси диалог дамып келе жатыр. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді. Көпжақты құрылымдар аясындағы байланыс күшейе түсті. 

– Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы және ерекше құрметінің белгісі. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін. Қос халықтың достығы жасай берсін! – деді Мемлекет басшысы.

Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз, – деді Президент.

Сербия Президенті мұндай марапатты иелену зор мәртебе екенін айтып, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін жеткізді. 

Бүгін, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.