Атырау, 27 ақпан 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Енесін өлтірген Қызылқоға тұрғыны ақыл-есі дұрыс емес деп танылды

122 рет қаралды
 ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қызылқоға ауданында тұрған 82 жастағы Тыныштық Қарасаеваны өлтіру ісі бойынша шешім жарияланды.

Сот келіннің төсекке таңылған қарт әйелдің басына бес рет пышақ жарақатын салғанын анықтады. Алынған жарақаттардан зейнеткер сол жерде көз жұмған.

Қылмыс жасалған дерек куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және зерттелген дәлелдермен растады. Психиатриялық сараптама қорытындысы шешуші болды: айыпталушы созылмалы психикалық аурумен — параноидты шизофрениямен ауырады екен, оқиға кезінде өз әрекеттерін түсінбеген әрі өзін басқара алмаған.

Әйелдің кәмелетке толмаған бес баласы бар. Үлкені – он жаста, кішісі – бір жаста.

Айыпталушының әкесі оны Атырауда емдеуді сұраған, алайда сот диагнозына байланысты ол айналадағы адамдарға қауіпті болуы мүмкін деп, бұл өтінішті қабылдамады. 

Сот әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатып, медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды қолданды. Ол Алматы облысы Талғар ауданының Ақтас қаласындағы арнайы мекемеге емделуге жіберілді.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.