
Алматыда ер адам дәмханадан тапсырыс берген сусынды ішкеннен кейін ауыр химиялық күйік алды, деп хабарлайды Криминальный Казахстан телеграм арнасы.
Отбасының айтуынша, балалар тамақ пен сусынға тапсырыс берген, алайда компоттың ыдысында химиялық еріткіш болып шыққан. Бір ұрттағаннан кейін ер адам сұйықтықты бірден түкірген, бірақ соның өзі ауыз қуысының, өңештің және асқазанның шырышты қабатының, сондай-ақ бет терісін қайтты күйдіріп тастаған.
Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Туыстарының айтуынша, тапсырыс "Bai Tal Kitchen" дәмханасынан жеткізілген. Отбасы орын алған жағдайды кездейсоқ қателік ретінде қарастыруға болмайды деп санайды, өйткені сусынның атын жамылып қауіпті зат беріп жіберген.
Болған жағдай бойынша құқық қорғау органдарына арыз түсті. Туыстарының айтуынша, істі азаматтық өндіріске ауыстыру жоспарланып жатыр, алайда отбасы зардап шегушінің ауыр жағдайын ескере отырып, қылмыстық іс қозғауды талап етеді.
В Атырау -10