
Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов Щучинскіде болған оқиға бойынша жаңа мәліметтерді хабарлады.
Оның айтуынша, жағдай дереу бақылауға алынып, жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайдың салдарынан 28 адам зардап шегіп, жеті адам қаза тапты, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала бар.
«Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіледі», - деп атап өтті аудан басшысы.
Қаза болғандардың отбасына біржолғы материалдық көмек ретінде 2 млн теңге, зардап шеккендерге 1 млн теңге төленеді.
Әкімдік жерлеуді ұйымдастыруға байланысты ұйымдастыру мәселелерін өз мойнына алды. Сондай-ақ, қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарының орналасуына және жүріп-тұруына жәрдем көрсетіледі.
Бұған дейін Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, кейін өрт шыққан болатын. Алты адамның қаза болғаны хабарланған, алайда кейін жеті адам көз жұмғаны анықталды.
В Атырау -10