Атырау, 27 ақпан 15:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Индонезияда Атырау облысындағы кісі өлтіру ісі бойынша күдіктілер қалай ұсталды

177 рет қаралды

Еске сала кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 24 ақпанда Ломбок аралындағы Сенару деревнясында ұсталған еді.

Операцияны Индонезия Интерполының Ұлттық орталық бюросы Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметімен бірлесіп жүргізді. Екеуі де 2025 жылдың қарашасында Атырау облысында жасалған қос кісі өлтіру ісі бойынша халықаралық іздеуде болған.

Индонезия полициясының дерегінше, іздеудегілер Интерполдың «қызыл хабарламасы» тізіміне енгізілген.

— Көрсетілген тұлғалар Интерполдың, Солтүстік Ломбок полициясының және көші-қон қызметінің бірлескен тобы тарапынан ұсталғанын растаймыз, — деді Индонезия Интерполының Ұлттық орталық бюросы трансұлттық және халықаралық қылмыстар бөлімінің бастығы, полиция комиссары Рикки Пурнама.

Полиция қызметкерлері іздеудегілер тұрған қонақүйге кірген кезде Сәрсемалиев қашуға әрекеттенген, алайда оны сол жерде ұстады.

Құқық қорғаушылар Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияға Бали аралы арқылы келгенін анықтады. Олар 2025 жылдың 14 желтоқсанында Куала-Лумпурдан ұшып келіп, кейін Ломбок аралына қоныстанған. Ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.

Қазіргі уақытта индонезиялық тарап Қазақстаннан ұсталғандарды депортациялау және оларды қазақстандық құқық қорғау органдарына тапсыру үшін ресми рәсімдерді күтіп отыр.

Бұған дейін Қазақстан ІІМ қылмыстың, тергеу нұсқасы бойынша, алдын ала жоспарланған және пайдакүнемдік мақсатта жасалғанын хабарлаған болатын.

Тергеу жалғасып жатыр.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.