Атырау, 27 ақпан 13:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыс: екі тарап бір-біріне соққы жасауда

102 рет қаралды

АА мәліметінше, Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар Кабул, Пактия және Кандагардағы нысандарға жасалған операциялар кезінде 133 адамның қаза тауып, 200-ден астамының жараланғанын хабарлады. 

Оның айтуынша, 27 позиция жойылып, 9 пункт басып алынған, екі корпус штабы мен үш бригада штабы жойылған, 80-нен астам әскери техника мен қару-жарақ жойылған.

Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммад Асиф «қазір ашық соғыс жүріп жатыр» деп мәлімдеп, Талибанды Үндістанның ықпалындағы күшке айналды деп айыптады. Ішкі істер министрі Мохсин Накви де Ауғанстанның шабуылдарын айыптады.

Ауғанстан тарапы да жауап беріп, 55 пәкістандық әскери қызметкердің қаза тапқанын, 23 сарбаздың денесі мен қару-жарақтың қолға түскенін жариялады. Әкімшілік өкілдері Пәкістан армиясының штабын және 19 бақылау-өткізу пунктін басып алғанын мәлімдеді. Бұған дейін ресми өкіл Забихулла Муджахид Пәкістан әскери нысандарына қарсы кең ауқымды операция басталғанын хабарлаған еді.

Пәкістан соңғы жарылыстардан кейін шекара бойындағы «террористік лагерьлерге» соққы жасағанын мәлімдеген болатын. Ал Ауғанстан билігі мұндай әрекеттерге «тиісті жауап» берілетінін айтып, Кабулдағы Пәкістан елшісіне нота тапсырды.

Қақтығыс аймақтағы тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіріп отыр.

Бүгін, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.