Атырау, 26 ақпан 19:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Әлеуметтік желіде референдум туралы сауалнама жүргізген азаматқа айыппұл салынды

83 рет қаралды

Алматы қаласының Алмалы аудандық прокуратурасы жергілікті тұрғын Жолдасбек Темірғалиевті Thread әлеуметтік желісінде жаңа Конституция жобасы туралы сауалнама жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Bes.media.

Қадағалау органының хабарлауынша, Темірғалиев 2 880 пайдаланушы арасында онлайн дауыс беру өткізген. Заңнама талаптарын сақтамай қоғамдық сауалнама жүргізгені үшін оған 15 АЕК - 64 875 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жарияланым кейіннен өшірілді.

Жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабы 3-бөлігі бойынша тағайындалды.

Темірғалиевтің өзінің айтуынша, ол 1200 респондент арасында телефон арқылы жүргізілген зерттеуде енгізілген түзетулерді 78% қолдау тапқаны туралы бұрын жарияланған мәліметтермен өз нәтижесін салыстыру үшін сауалнама бастаған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдум мәселесі бойынша сауалнаманы Қазақстанда тіркелген, социологиялық зерттеулер саласында кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жүргізуге құқылы және Референдум орталық комиссиясына міндетті түрде хабарлауы тиіс.  

Бұған дейін осындай жарияланымдар үшін «Уральякая неделя» басылымы мен «Азаттық» тілшісі Мақпал Мұқанқызына айыппұл салынған болатын. Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді. 

Бүгін, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.