Атырау, 26 ақпан 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Әлеуметтік желідегі 432 500 теңге төлемі туралы ақпарат жалған болып шықты

78 рет қаралды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджер мен әлеуметтік желіде 2026 жылы  432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпаратты теріске шығарды. 

Ведомство хабарлағандай, табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған.

Министрлікте атап өткендей, мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын еске салды.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.

Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті ведомство мамандары. 

Бүгін, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.