Атырау, 23 наурыз 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

КҚК: 2025 жылы 70 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды

450 рет қаралды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2025 жылғы қызметінің қорытындысын жариялады.

25–26 ақпанда Абу-Дабиде өткен басқарушы органдардың отырысында өндірістік және қаржылық көрсеткіштер қаралды, еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптардың орындалуы талқыланды.

Компанияның дерегінше, өткен жылы Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданды. Оның ішінде:

  • Теңіз кен орны — 36,6 млн тонна,
  • Қарашығанақ — 9,2 млн тонна,
  • Қашаған — 17 млн тонна.

Сонымен қатар, КҚК мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері 14,2 млн адам-сағатты жарақатсыз атқарған. Автокөліктердің жүрісі 33 млн шақырымнан асып, жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

КҚК құбыры қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болып қалып отыр, ол шикізатты Новороссийскідегі теңіз терминалы арқылы әлемдік нарыққа жеткізуді қамтамасыз етеді.

26 ақпан, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.