Атырау, 26 ақпан 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Сталкинг туралы жарияланым: «Ақ Жайыққа» сотқа дейінгі талап түсті

86 рет қаралды

Алматыдағы кәсіпкер редакцияға Анель Аманғалиеваның қудалау туралы мәлімдемесіне қатысты жарияланған материалдан кейін ресми талап жолдады.

Полицияның мәліметінше, әйелдің арызы негізінде ер адам ұсталып, іс сотқа жіберілген. 29 жастағы Анель Аманғалиева күйеуінің мессенджерлер мен мобильді қосымшалар арқылы жүйелі түрде қысым көрсетіп, психологиялық күйзеліске ұшыратқанын айтқан. Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде күйеуінің өзін ұрып-соққанын, өлтіремін деп қорқытқанын, интимдік суреттермен бопсалағанын және жалған аккаунттар ашып беделін түсіргенін жариялаған.

23 ақпанда алғашқы беттестіру өткеннен кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Қазір оған қатысты сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.

Анель Аманғалиева әйелдерді мұндай жағдайды жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Сонымен қатар күдікті мен оның адвокаты бірнеше БАҚ-қа, соның ішінде «Ак Жайық» редакциясына да сотқа дейінгі талап жолдаған. Құжатта жарияланған деректерді өшіру, ресми түрде теріске шығару және кешірім сұрау талап етілген.

Редакция материалды құқық қорғау органдарының ресми мәліметтері мен тараптардың өздері ашық жариялаған ақпараттарға сүйене отырып дайындағанын мәлімдеді. Қазір редакция талапты қарап, ресми жауап дайындап жатыр.

Бүгін, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.