Атырау, 26 ақпан 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

​Мектепке бір күн бармаған жағдайда анықтама талап етіле ме?

86 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Заңгер Сабина Ахметованың айтуынша, қолданыстағы заңда бала бір күн сабаққа қатыспаса, ата-анасы міндетті түрде медициналық анықтама әкелуі керек деген нақты талап жоқ. Бұл көбіне мектептің ішкі ережесіне байланысты ғана. Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

Мектеп әкімшілігі оқушының не себепті келмегенін сұрай алады. Бірақ бірінші күні егер ата-ана алдын ала сынып жетекшісіне немесе мектепке хабарласып, себебін түсіндірсе (ауырып қалу, отбасы жағдайы немесе басқа себептер), анықтама болмағаны заң бұзушылық болып саналмайды.

Заңгер ата-аналарға баласының сабаққа келмейтінін дер кезінде хабарлап отыруды ұсынады. Бұл түсініспеушіліктер мен жанжалдардың алдын алады.

Кейбір мектептер анықтама талап етуді турникет пен тамақтану жүйесімен байланыстырады. Бірақ Ахметованың айтуынша, турникет тек оқушының кіріп-шығуын тіркейді, ал медициналық анықтама әкелу міндетін заң жүзінде жүктемейді.

Бүгін, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.