
Франция президенті Эммануэль Макрон Париждегі Лувр музейіне жаңа директор тағайындады.
Бұл қызметке Кристоф Лерибо келді, деп хабарлайды АА.
Бұған дейін музейді басқарған Лоранс де Кар бірқатар даулы оқиғалардан кейін отставкаға кеткен болатын. Соңғы айларда Луврда тарихи құндылықтардың ұрлануы, қызметкерлердің ереуілі және су ағу мәселелері орын алып, халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырды.
2025 жылдың қазанында музейден сегіз зергерлік бұйым ұрланды. Қылмыскерлер ұсталғанымен, жәдігерлер табылған жоқ. Қарашада Мысыр артефактілері сақталған кітапханаға су ағып, құжаттар бүлінді. Кейін XV–XVI ғасыр туындылары қойылған залда да ақау анықталып, 2026 жылдың ақпанында бірқатар бөлмелер уақытша жабылды. Ал биылғы ақпанда полиция музейде жалған билеттер сатумен айналысқан ірі желіні әшкерелеп, тоғыз адамды, оның ішінде екі қызметкерді ұстады.
Елисей сарайы Луврға жаңа даму кезеңі қажет екенін, басты міндет – қауіпсіздікті күшейту және инфрақұрылымды жаңғырту екенін мәлімдеді.
В Атырау -10