Атырау, 26 ақпан 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

​Астана әуежайында ұшу-қону жолағы жабылады: рейстегі өзгерістер

67 рет қаралды

Air Astana 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.

Өзгерістердің ішкі және халықаралық бағыттағы рейстерге қатысы бар.  

Атап айтқанда Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттары бойынша рейстер өзгеруі мүмкін. 

Сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді. 

Әуе компаниясының хабарлауынша, өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіліп жатыр. 

Рейстің мәртебесін Брондау және ақпарат орталығынан немесе әуе компаниясының ресми сайтынан білуге болады.

Бүгін, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.