Атырау, 26 ақпан 13:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.26
€ 590.38
₽ 6.54

Атырауда өрт болып, 25 адам құтқарылды

72 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырауда 112 қызметінің пультіне Баймұханов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балконында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрттен дәлізді түтін алып кетіп, басқа пәтерлердің тұрғындарына қауіп төндірді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тез арада адамдарды құтқаруға кірісті. 

Түтіннен 25 адамды, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге шығарылды. 

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің көрші пәтерлер мен ішкі үй-жайларға таралуына жол берілмеді. 

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.

Бүгін, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.