
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының геология және өңдеу жөніндегі орынбасары болып Бейбіт Бошмановтағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
Бейбіт Бошманов 1986 жылы туған, «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 3-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып бастады. Әр жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ-да техник, инженер, аға және жетекші инженер, бас маман, жобаның бас инженері, тәртіп бойынша сарапшы және департамент директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ-да кен орындарын игеру басқармасының бастығы қызметін атқарды.
В Атырау -10