Атырау, 25 ақпан 16:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Қазақстандық МӨЗ Еуропада жұмысын уақытша тоқтатады

88 рет қаралды
Румыниядағы Rompetrol жанармай құю станциясы
Румыниядағы Rompetrol жанармай құю станциясы

Румыниядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты Petromidia наурыз айында жоспарлы жөндеу үшін 20 күнге жабылады. Бұл туралы кәсіпорынның иесі хабарлады, деп жазады Reuters.

Petromidia зауыты Rompetrol Rafinare компаниясына тиесілі, ал ол KMG International (KMGI) арқылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Румыния мемлекетінің үлесі — 45%. Зауыт Қазақстаннан мұнай сатып алады.

Компания өкілдері жөндеу кезеңінде барлық келісімшарттық міндеттемелер орындалатынын, ал мұнай өнімдері клиенттерге өз қорлары есебінен немесе KMG International сауда бөлімшесінің қолдауымен жеткізілетінін атап өтті.

Румынияда тағы бір МӨЗ — Petrobrazi (OMV Petrom, Австрияның OMV бақылауында) жұмыс істейді. Ал үшінші зауыт («Лукойл»-ға тиесілі болған) халықаралық санкциялар салдарынан тоқтап қалған. Бухаресттің бағалауынша, бұл ішкі нарықтағы ұсынысты шамамен 20%-ға қысқартқан.

Бүгін, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.