Атырау, 10 қазан 00:36
 дождьВ Атырау +16
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

«Эпштейн файлдары»: депутат Бас прокурор мен ҰҚК-ге сауал жолдады

Бейнежазба
623 рет қаралды

Мәжілістегі ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рахимжанов Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа депутаттық сауал жолдады.

Бұл сауалға себеп – халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырған «Эпштейн файлдарында» Қазақстан азаматтарының аты-жөндерінің аталуы.

Депутат өз сауалында құқық қорғау және арнайы органдардан мүмкін болатын фактілерге заңдық тұрғыдан баға беруді, сондай-ақ ашық дереккөздерде жарияланған ақпараттың шынайылығын тексеруді сұрады.

Сауалдың бастамашыларының пікірінше, егер бұл мәліметтер расталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануы тиіс.


25 ақпан, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.