
Дональд Трамп «тарихтағы ең үздік экономика» деп мақтанғанымен, ресми деректер бұған қайшы келіп отыр, деп хабарлайды Euronews.
2025 жылдың соңғы тоқсанында АҚШ экономикасының өсімі жылдық есеппен небәрі 1,4% болды, бұл болжанған 2,5%-дан төмен және үшінші тоқсандағы 4,4%-дан айтарлықтай баяу. Жылдық өсім 2,2%-ды құрады. Экономикалық баяулауға 2025 жылғы ұзаққа созылған үкімет жұмысының тоқтауы да әсер еткен.
Жұмыс орындары да әлсіреген: 2025 жылы айына орта есеппен 15 мың жаңа жұмыс орны ғана ашылды, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 168 мың болған. Сонымен қатар статистика қайта қаралып, бұрын есептелген 862 мың жұмыс орны жоққа шығарылды. Дегенмен 2026 жылдың қаңтарында 130 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бұл күтуден әлдеқайда жоғары нәтиже болды. Жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға дейін төмендеді.
Федералды қызметкерлер саны да қысқарды: 2024 жылдың қазанынан бері 327 мың адам жұмыстан шығарылған, бұл шамамен 11%-ға тең. Трамп мұны жеке секторға жұмысқа орналасу мүмкіндігі ретінде көрсеткенімен, ресми деректер әзірге оның сөзін дәлелдей алмайды.
Сауда тарифтері де үлкен дау тудырды. Жоғарғы сот Трамп енгізген импорттық баж салығын заңсыз деп таныды. Соған қарамастан, президент жаңа 10%-дық «глобалды» тариф енгізді, ол 150 күнге күшінде болады. Бұл шешім де сотта талқылануы мүмкін.
Сауалнамаларға сәйкес, америкалықтардың тек 39%-ы Трамптың экономикалық саясатын қолдайды, ал 59%-ы қарсы. Сондықтан президенттің «ең үздік экономика» деген сөзі ресми деректермен сәйкес келмей отыр.
В Атырау -10