Атырау, 25 ақпан 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Netflix-пен бәсеке: Paramount Warner Bros.-ты сатып алуға жаңа ұсыныс жасады

75 рет қаралды

Paramount компаниясы Warner Bros. Discovery-ді сатып алу жөнінде жаңа ұсыныс жасады, деп BBC News Русская служба.

Paramount Skydance өз ұсынысын күшейтіп, акция бағасын 31 доллар деп белгіледі. Бұл Netflix-пен жасалған келісімнен тиімдірек болуы мүмкін деп Warner Bros. Discovery мәлімдеді. Бұған дейін Paramount 30 доллар ұсынған еді.

Warner Bros. қазір Paramount-пен келіссөздерді жалғастырып, Netflix-пен желтоқсанда жасалған мәміледен бас тарту немесе жалғастыру туралы шешім қабылдамақ. Netflix әзірге пікір білдірген жоқ.

Netflix басшысы Тед Сарандос BBC-ге берген сұхбатында: «Біз әрқашан тәртіпті сатып алушылар болдық. Бұл тек бағаны анықтау процесі», – деді.

Paramount-тың артында миллиардер Ларри Эллисон тұр, ал компанияны оның ұлы Дэвид басқарады. Олар өткен жылдан бері Warner Bros.-ты сатып алуға белсенді әрекет жасап келеді.

Warner Bros. бұған дейін Netflix-пен келісімге келгенін жариялаған. Ол келісім бойынша кино және стриминг бөлімдері, соның ішінде HBO, 27,75 доллардан бағаланып, жалпы көлемі 82 млрд долларды құраған. Ал қалған бизнес бөлігі, соның ішінде дәстүрлі телеарналар мен CNN, бөлек компанияға айналмақ.

Paramount жаңа ұсынысында акцияға 31 доллар төлеуге дайын екенін, сонымен қатар мәміле жүзеге аспаса 7 млрд доллар өтемақы беретінін және Netflix-пен жасалған келісім бұзылған жағдайда 2,8 млрд долларды жабатынын айтты.

Warner Bros. директорлар кеңесі әлі соңғы шешім қабылдаған жоқ. АҚШ-тағы заң шығарушылар екі ұсынысқа да алаңдаушылық білдіріп, монополия қаупін және киноиндустрияға ықпалын атап өтті.

Бұл оқиға әлемдік медиа нарығында үлкен бәсекелестіктің белгісі болып отыр: Paramount пен Netflix Warner Bros.-ты иелену үшін күресуде.

Бүгін, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.