Атырау, 25 ақпан 13:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

БҚО-да жол жөндеу қаржысы заңсыз игерілгені анықталды

87 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Батыс Қазақстан облысында жол құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды.

2023 жылғы наурызда мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Сапак» өндірістік кооперативі Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңгеге келісімшарт жасаған.

Алайда «Сапак» ӨК директоры «Ак-Би» ЖШС басшысымен сөз байласып, қаражатты иемдену схемасын ұйымдастырған. Олар орындалған жұмыстар актілеріне жалған деректер енгізіп отырған: құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу сияқты жұмыстар толық көрсетілгенімен, іс жүзінде орындалмаған немесе аз көлемде атқарылған.

Жалған актілер негізінде бюджет қаражаты «Сапак» ӨК-нің есепшотына аударылып, кейін қатысушылар арасында бөлінген. Мемлекетке келтірілген залал 56,5 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды. Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін осы бөлімнің басшысы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бүгін, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.