Атырау, 25 ақпан 12:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

​Полиция 1414 нөмірінен келетін SMS арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырды

90 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Полиция қызметкерлері 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық деректерінің жиілегенін мәлімдеді. Қаскөйлер азаматтарға код жіберіп, артынша қоңырау шалып, өздерін банк, пошта, салық органдары немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырады.

Алматы қаласының Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаевтың айтуынша, алаяқтар психологиялық қысым көрсету арқылы азаматтарды “жеке деректеріңіз ұрланды” деп сендіріп, шұғыл түрде ақша аударуға немесе несие рәсімдеуге итермелейді.

«Алайда бұл – тек психологиялық айла. 1414 нөмірінен келген SMS несиелерге қолжетімділік бермейді. Банктер көпсатылы қорғаныс жүйелерін қолданады. Көбіне егде жастағы адамдар жәбірленушіге айналады: оларды депозиттегі қаражатын шешіп алуға, “сақтандыру шотына” аударуға, мүлкін сатуға немесе кепілге қоюға көндіреді. Қаражатты курьерлер немесе мессенджерлер арқылы иемденеді», – деді ол.

Сонымен қатар интернет арқылы тауар сату және жалған инвестициялық ұсыныстарға қатысты алаяқтық схемалар да кең таралған. Қаскөйлер төмен баға немесе жоғары табыс уәде етіп, алдын ала төлем талап етеді, кейін байланысқа шықпай қояды.

Бұдан бөлек, “туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті” деген мазмұндағы қоңыраулар арқылы эмоциялық қысым жасап, ақша бопсалау фактілері де кездеседі.

Полицияның басты ескертуі – жеке деректерді, банк карталарының реквизиттерін және келген кодтарды ешкімге жария етпеу. Қоңырау шалушы өзін банк немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырса да, ақпаратты дербес түрде тексеру қажет.

Бүгін, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.