Атырау, 24 ақпан 18:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Құрманғазы бекетінде көлік кезегін қысқарту үшін жаңғырту жұмыстары басталды

85 рет қаралды

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы, Ресеймен шекарадағы «Құрманғазы» автомобиль өткізу пунктінде көліктер кезегінің мәселесі әлі де сақталып отыр. Бұған басты себеп – автотұрақ пен күту аймағының болмауы, деп хабарлайды Kazinform.

Республикалық маңызы бар Атырау – Астрахань тасжолының Бөкейхан ауылы тұсында ұзын-сонар кептелістер жиі қалыптасады.

2024 жылы жолды жаңғырту аяқталғаннан кейін көлік ағыны күрт көбейіп, кейде жүздеген көлік бірнеше сағаттап жол бойында күтуге мәжбүр болған. Мұндай жағдай 21 ақпанда да қайталанды, кезекте тұрғандардың басым бөлігі шетелде тіркелген көліктер, әсіресе Өзбекстаннан келгендер болды.

Мемлекеттік кірістер департаменті электронды кезек жүйесінде мәселе жоқ екенін, көліктер өз кезегіне сәйкес өткізіліп жатқанын хабарлады. Бекетте 12 қызметкер жұмыс істеп, күніне орта есеппен 230 жүк көлігі бір бағытта өтеді.

Биыл «Құрманғазы» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Жоба дайындалып, құрылыс қатар жүргізілуде. Қазір жүк көліктеріне арналған тұрақ салу үшін жердің өсімдік қабаты алынып жатыр. Жоба Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің бұйрығына сәйкес «ЕАЭО ішкі шекарасындағы автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Мердігер — «ВД Строй-инжиниринг» ЖШС, жұмыс 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Өткізу учаскесінің ұзындығы — 0,735 км, ені — 28 метр. Қосымша жолақтармен бірге сегіз қозғалыс жолағы қарастырылған. Сервистік аймақтың аумағы — 8 гектар. Бұл жаңғырту көлік ағынын реттеуге, кезектерді қысқартуға және шекарадағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары да осы мәселені көтерген еді.

Бүгін, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.