Атырау, 25 ақпан 12:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

​Атырау облысында ірі қара мал арасында ауру тоқтамай тұр

70 рет қаралды

Өңірде ірі қара мал арасындағы аурушаңдық күннен-күнге өсіп жатыр. 

Аурудың негізгі ошақтары тіркелген Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының жекелеген ауылдарында жануарларды әкелуге және шығаруға шектеулер қолданылады.

Құрманғазы ауданында 4730 ірі қарадан вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауыруының қоздырғышы анықталған. Оның 3743 басы емделіп шықса, қалған 987-ін емдеу жүріп жатыр. Ең көп ауру қоздығышы табылған Бөкейхан, Дыңғызыл, Еңбекші, Құрманғазы ауылдарынан шектеу алынған жоқ.

"Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ Атырау филиалы 154100 шаршы метр қора-жайларға дезинфекция жүргізген. 

Исатай ауданында 488 ірі қара аталмыш ауруға шалдықса, оның 404-і сауыққан. 51000 шаршы метр аула-қора дезинекциядан өткізілген. Ауру ошағы көптеп табылған Зинеден мен Исатай ауылдарында малды тысқа шығармау, кіргізбеу шектеуі алынған жоқ. 

Қызылқоға ауданында ауырған малдардың сараптамасы Астана қаласындағы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы" РМК-не тапсырылғанымен нәтижесі әлі шыққан жоқ. 

Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында 72 бас ауырып емделген. Бүгінде Қосшағыл ауылы шектеу аймағына еніп отыр. 

Ал Мақат, Индер ауданында ветеринария қызметі мамандарының айтуынша жағдай бірқалыпты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, жалпы осы ауруға шалдыққан ірі қара малын емдеу жұмыстары жүріп жатыр. Облысқа 1445 620 доза (12 түрлі ауруға) вакцина жеткізілді. Күні бүгінде ветеринар мамандар егу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Ветенинар мамандар клиникалық белгілерге мән берген жөн дейді. Мысалы, малдан көбіктенген сілекей ағу, ауыз қуысында афталар пайда болу, дене температурасы көтерілсе дереу хабарлау қажет дейді олар. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.