
Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 2024 жылғы су тасқынынан кейін астаң-кестеңі шығып жайрап қалған Ұ. Абдрахманов көшесіндегі автомобил және жаяу жүргіншілер көпірінің жөндеу жұмыстары аяқталмай, әлі күнге дейін тапсырылған жоқ. Мердігер мекемемен келісімшарт бұзылғаннан кейін құрылыс жұмыстары тоқтап қалды, ал келісімшарт әлі жасалмаған.
Құлсары тұрғындарының айтуынша, көпірдің жоқтығы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына едәуір ыңғайсыздық туғызып отыр.
- Өткен жылы жаңасын саламыз деп ескі көпірді бұзып тастаған еді, айналғанда қиындығын біз көрудеміз. Көлік кептелісін туғызып, сол маңайда тұратындар ары-бері өте алмай сансырап жүр. Мына іс-қимылдарымен жаңа көпірді қашан бітіретіні белгісіз, - дейді құлсарылықтар.
Жалпы көпір ұзындығы 25 метр. Көпірдің арғы-бергі автомобил жолын қоса есептегенде 158 метр ғана. 2024 жылғы су тасқыны кезінде судың шығуына Құрсай өзегіндегі осы көпір кедергі болған, яғни ескі көпірден су өте алмаған.

Ескі көпірді бұзып, жаңасын салға бюджеттен 330 млн теңге қаржы қаралып, «МарсСтрой» ЖШС жеңіп алады. Талон хабарламаға сәйкес жұмыс 2025 жылдың 10 маусымында басталып, сол жылдың 10 қазанында аяқталуы тиіс болатын.
Бірақ мердігер жұмысы өнбей, қайта-қайта тұралап тұрып қалады. Тапсырыс беруші Жылыой аудандық жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімі жұмыстың кешігуіне байланысты мердігерге бірнеше рет ескертпе бергенімен, қаралған қажының 40 млн теңгесін ғана игеріп, жұмысы мүлдем тоқтайды.
Техникалық қадағалаушы «TRIUM FAA» ЖШС құрылыс алаңында болып жатырған бұзуышылықтарға байланысты хат жолдайды. Бірақ мердігер тарапынан кемшіліктерді жойып, құлақасу болмағағасын ақыры тапсырыс беруші 2025 жылдың наурызында келісім шартты бір жақты бұзып, Атырау облыстық ауданаралық экономикалық сотқа жүгініп, мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану жөнінде талап арыз береді. Күні бүгінде сот жүріп жатыр.
Аудандық жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімінің бас маманы Алмаз Саматов хабарлағандай, мердігер төрт метрлік тереңдікте 66 свай қақты, одан кейінгі жұмыстар атқарылмай қалған.
- Свайдың бер жағы арматурамен өрілуі тиіс. Сол жұмысты аяқтамай тастап кетті. Енді жаңа мердігер арматураны тоқып, көпір бетіне шығуы тиіс. Егер уақтылы орындай алмай, Құрсай өзегіне мол су келсе барлық еңбек зая кетеді. Биыл Құрсай өзегіне су келеді деп жатыр, - деп атап өтті ол.
Күні бүгінде бірінші мердігермен келісім шарт бұзылғаннан кейін астаналық «Бука» ЖШС-мен келісім шарт жасалуда, құжат жұмысы аяқталған жоқ. Жасалған жұмыс та зерделеніп, қалған жұмыстарға қанша қаржы керек екендігі нақтылауны тиіс.
ЖШС көпірді төрт айда, яғни 1 шілдеге дейін тұрғызып беруі керек. Бірақ биыл көктемгі өр суы қанша келеді, ол көпір жұмысына қаншалықты кедергі болады белгісіз күйде. Көктем келгенімен жұмыс басталған жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор
В Атырау -10