Атырау, 23 наурыз 21:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген екі күдікті ұсталды

Бейнежазба
240 рет қаралды

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер өздерінде ВИЧ инфекциясы бар екенін білген және 2025 жылдың желтоқсанынан бастап медициналық есепте тұрған. Соған қарамастан, олар транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Бұлар - 23 және 28 жастағы жігіттер. Оларды Атырау облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Тергеу болжамына сәйкес, күдіктілердің мұндай әрекеттері басқа адамдарды ВИЧ-инфекциясына шалдықтыруы мүмкін болған.

- Аталған дерек бойынша өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру — ауыр қылмыс болып табылады, - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, ықтимал жәбірленушілерді анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, жәбірленушілердің шеңбері анықталуда.

– Әрбір факт бойынша құқықтық баға беріледі. Әрбір кінәлі тұлға заң алдында толық жауап береді, – деп мәлімдеді полицияда.

Айнұр САПАРОВА

24 ақпан, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.