
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «TotalEnergies E&P» компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша жаңадан тағайындалған аға вице-президенті Мансұр Жақыповпен және Қазақстандағы «TotalEnergies» басшысы Юнес Фрудпен кездесті.
Екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жоспарлары талқыланды. Атап айтқанда, Солтүстік Каспий жобасын іске асыру барысы қаралды. А.Хасенов Қашағанның еліміз үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, қазақстандық қамтуды ұлғайтуға, жергілікті кадрларды даярлауға және технологиялар трансферіне ден қойып, кен орнын одан әрі игеру мерзімдерін сақтау қажеттігін айтты.
Сонымен қатар кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл мәселесі сөз болды. Тараптар Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуды көздейтін «Мирный» бірлескен жобасының барысын талқылады.
Қазіргі уақытта ҚМГ мен Total базалық жобаны дайындады, сондай-ақ егжей-тегжейлі жобалау жұмыстары аяқталып қалды. Компаниялар «Мирный» жобасын нақты іске асыру кезеңіне көшу үшін барлық қажетті рәсімдердің аяқталуын тездетуге ниетті екенін растады.
В Атырау -10