Атырау, 23 ақпан 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Қазақстан мен Ресей тасқын суға қатысты күнделікті ақпарат алмасып отырады​

97 рет қаралды

Қазақстан мен Ресей Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндеріндегі су тасқынына дайындықты талқылады.

Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының IV отырысы қорытындыланғанда хабарлады. 

Қазақстандық делегацияны ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева басқарды. Ресей тарапынан Ресей Федерациясының Су ресурстары федерал агенттігінің су шаруашылығы қызметін реттеу басқармасының басшысы Дмитрий Савостицкий қатысты.

Отырыста тараптар гидрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, алдағы көктемгі су тасқынының болжамдары мен ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ су қоймаларына келетін су көлемін алдын ала бағалау негізінде Жайық, Тобыл, Есіл және Ертіс өзендері бассейндерінде тасқын суды өткізу сценарийлері келісілді.

Тараптар 2026 жылғы 2 наурыздан бастап су қоймаларының жұмыс режимдері мен гидробекеттердегі су деңгейлері туралы күнделікті ақпарат алмасуды бастауға келісті.

«Қазіргі уақытта біз ресейлік әріптестерімізбен бірге трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі су шаруашылығы жағдайын мұқият бақылап отырмыз. Су қоймаларында тасқын суды қабылдауға дайындық жүргізіліп жатыр», – деді СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.

Бүгін, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.