Атырау, 23 ақпан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​«Қымызға мас болдым»: жоғары лауазымды заңгер 15 тәулікке қамалды

110 рет қаралды

Павлодарда Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының өңірлік филиал басшысы Дәурен Исабековке қатысты сот шешімі шықты. Лауазымды тұлға мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, 21 ақпанға қараған түні полиция қызметкерлері Павлодар көшелерінің бірінде 41 жастағы Д. Исабеков тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру қорытындысы жүргізушінің орта дәрежедегі мас күйде болғанын растады.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шенеунік өз кінәсін толық мойындады. Алайда, оның мас болу себебі туралы уәжі көпшілікті таңғалдырды:

«Сот отырысында ол көп мөлшерде қымыз ішкенін, содан кейін тізгінге отырғанын түсіндірді», — делінген ресми қаулыда.

Сот «қымыз іштім» деген уәжді жазадан құтылуға негіз ретінде қабылдаған жоқ. Дәурен Исабеков ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып; 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қамау мерзімі ұсталған сәттен, яғни 21 ақпан сағат 04:45-тен бастап есептелді.

Бүгін, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.