
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлерін заңсыз бөлу фактілері анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер ресурстарын басқару комитетінің облыстық департаменті Отырар ауданы әкімдігінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде жалпы көлемі 1983,2 гектар жер телімінің аудан шекарасынан тыс берілгені белгілі болды. Бұл жер заңнамасының талаптарын бұзу болып шықты. Департамент тиісті нұсқама беріп, әкімдік заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтарды.
Сонымен қатар, басқа ауыл шаруашылығы өндірушісіне берілген 1000 гектар жер телімінде де заңбұзушылық анықталды. Бұл дерек бойынша департамент сотқа талап-арыз түсірді. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапты толық қанағаттандырып, жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қабылданған шаралар жер ресурстарын басқаруда заңдылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталды.
В Атырау -10