Атырау, 23 ақпан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады

65 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады.

Кездесуде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары қаралды.

Президент Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихи тамырластыққа негізделгенін айтты.

Гела Геладзе шетелдік туристердің, соның ішінде қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының жұмысы туралы баяндады.

Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалына, киберқылмыс пен экстремизмге қарсы күрес, тәжірибе алмасу және маман даярлау бағыттарында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Президент Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады.

Бұл кездесу Қазақстан мен Грузия арасындағы қауіпсіздік саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.

Бүгін, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.