
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Мысырға кіру визасының құны 5 доллар өсіп, 30 долларды құрайды. Бұл туралы Коммерсантъ «Сада эль-Балад» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
2025 жылғы желтоқсанда президент Абдель Фаттах ас-Сиси визалық алымның ең жоғарғы мөлшерін 20 доллар деңгейінде бекіткен жарлыққа қол қойған еді. Ол кезде Туризм министрлігі бұл құжат тек шекті мөлшерді белгілейтінін, нақты өсім туралы шешім әлі қабылданбағанын айтқан.
Визалық алымдарды арттыру туралы заң жобасын Мысырдың Сыртқы істер министрлігі енгізіп, парламент 2025 жылғы 2 қарашада мақұлдаған.
Бұл шешім ел ішінде сынға ұшырады. Сол айда Туризм палаталары федерациясы премьер-министр Мустафа Мадбули мен туризм министрі Шериф Фатхиге визаның қымбаттауын болдырмау жөнінде өтініш жасаған.
В Атырау -10