
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Успен ауданы прокуратурасы «БИК» шаруа қожалығына ірі сүт-тауар фермасының құрылысын қайта бастауға көмектесті.
Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңге, қуаттылығы – 500 бас малға арналған ферма.
Инвестор мүлікті кепілге қойып, кредит қаражатын тартқан.
«БИК» шаруа қожалығы негізгі қарыздың 500 млн теңгесін уақытылы төлегеніне қарамастан, кепіл ұстаушы ауыртпалықтарды алып тастаудан бас тартқан.
Бұл әрекет жобаның әрі қарай қаржыландырылуына және құрылыс жұмыстарының жалғасуына кедергі келтірген.
Прокуратура араласқаннан кейін инвестор мен кепіл ұстаушы келісімге келіп, мүлікке салынған барлық ауыртпалықтар алынды.
Бұл шешім өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға және стратегиялық маңызы бар аграрлық жобаны жүзеге асыруға жол ашты.
Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
В Атырау -10