Атырау, 20 ақпан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Мәсімовтің қылышы аукционда 3,4 млн теңгеге сатылды

113 рет қаралды

Экс‑ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы электронды саудада 3 413 825 теңгеге өтті. Лотты Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ұсынған.

Бастапқы баға 461 312 теңге болғанымен, сауда барысында құн жеті еседен артық өсіп, қылыш жоғары бағаға сатылды. Сауда нәтижелері электронды сауда алаңы порталында жарияланды.

Лот сипаттамасында қылыш қынапта екені көрсетілген: болаттан жасалған жүзінде бойлық ойық бар, қынабы қара түсті материалдан жасалған, ал сабы сұр түсті металлдан, геометриялық өрнекпен бедерленген.

Бұған дейін, 2025 жылдың 4 қарашасында дәл осы компания ұйымдастырған саудада Мәсімовке тиесілі тағы бір самурай қылышы сатылған еді. Ол кезде зат бастапқы бағамен — 542 719 теңгеге өткен.

Сонымен қатар, бұрын экс‑ҰҚК басшысының Астанадағы 1,8 млрд теңгеге бағаланған особнягы аукционға шығарылғанымен, кейін ғимаратты ерекше балаларға арналған орталыққа беру жоспарланғаны хабарланған.

Бүгін, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.