
Атырау облысы Исатай ауданына 77 тонна жоғары сапалы бидай жемі жеткізілді.
Өнім Батыс Қазақстан облысынан жеткізіліп, Аққыстау және Жанбай ауылдық округтеріне бөлінді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, оның 60 тоннаға жуығы Аққыстауға, ал қалғаны Жанбай ауылдық округіне жөнелтілді. Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрберген Өтегеновтің айтуынша, жеткізілген өнім — кебек емес, таза өңдеуден өткен, жоғары сапалы тартылған ақ бидай жемі.
«Өнімнің белгіленген өткізу бағасы бойынша бір келісі — 104 теңге. Әр қаптың салмағы – 25 кг, құны – 2600 теңге. Жеке тұрғындарға он қаптан, ал шаруагерлерге жиырма қаптан сатылып жатыр», - деп нақтылады ол .
Жеткізу логистикасы мен тасымалдау жұмыстары Ембімұнайгаз АҚ, Прикаспиан Петролеум Компани ЖШС, мердігер компаниялар, аудан кәсіпкерлері және мәслихат депутаттарының демеушілігімен, арнаулы техника мен жанар-жағармай ресурстары есебінен ұйымдастырылды.
Мамандардың айтуынша, бұл өнім мал ағзасына жеңіл сіңіп, өнімділіктің артуына оң ықпал етеді. Сонымен қатар оның қоры Қамысқала және Тұщықұдық ауылдық округтеріне де таратылмақ.
В Атырау -10