Атырау, 20 ақпан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Қолдан жасалған банкнота екі есе көбейді: Ұлттық банк мәліметі

122 рет қаралды
Сурет: nationalbank.kz
Сурет: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2025 жылы 1 122 150 теңгенің 206 жалған ақша белгісін (203 банкнота және 3 монета) анықтады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. 

2024 жылмен салыстырғанда 90,7%-ға көп, бір жыл бұрын 108 жалған ақша белгісі анықталған. 

Қолдан көп жасалғаны – номиналы 5 000 теңгелік банкнота – 174 дана. Анықталған жалған ақшалардың жалпы саны бойынша үлесі – 84,5%.

Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 22 дана (10,7%). 2 000 теңгелік банкнотадан 6 дана (2,9%) анықталса, 20 000 теңгеліктен – 1 дана (0,5%), қалған 1,4% – монеталар.

Ұлттық Банк шын ақшаны қолдан жасалған банкноталардан ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады. Жалған банкнота әдетте жай ғана офсеттік қағаздан жасалады және компьютерлік техника мен түрлі түсті принтер қолданылады. 

Жалған ақшаны анықтау белгілері:

  • майда жазулар бұлдыр келеді және бірнеше есе үлкейткенде тану мүмкін емес.
  • қолдан жасалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.
  • Патч элементінің көлемі анық емес, себебі ол жай ғана бояумен кескінделеді, сәуле таралғанда голографиялық әсері сезілмейді және номинал бейнесі ою-өрнекке ауыспайды. 
  • қорғаныш жібінің динамикалық әрі түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосқанда біртұтас емес.

Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. Оларды Ұлттық Банктің ресми сайтынан оқып білуге болады. 

Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізеді және қолма-қол ақшаны пайдаланғанда азаматтарды мұқият әрі сақ болуға шақырады. Күмәнді, соның ішінде түр-түсі шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар кезіккен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар берген дұрыс. 

Бүгін, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.