Атырау, 20 ақпан 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​Павлодарда құрылыс компаниялары жүздеген миллион теңгеге мүліктік мәмілелерді жасырған

105 рет қаралды

Прокурорлар қадағалау қызметі барысында құрылыс саласында табысты жүйелі түрде жасыру фактілерін анықтады.

Бірқатар компаниялар жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есептілікте көрсетпеген, бұл бюджетке елеулі шығын келтірді.

Атап айтқанда, құрылыс компанияларының бірі тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатқан. Алайда бұл туралы мәліметтер декларацияда көрсетілмеген.

Нәтижесінде компания салықтық міндеттемелерін жасырып, 77,8 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын төлемеген.

Осындай заңбұзушылықтар тағы 12 құрылыс компаниясы бойынша анықталды.

Павлодар облысы прокуратурасының қадағалау шаралары нәтижесінде 120 млн теңге бюджетке қайтарылды. 

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын атап өтті қадағалау органы өкілдері. 

Бүгін, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.