Атырау, 20 ақпан 14:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Ақтөбеде ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

92 рет қаралды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

38 жастағы қала тұрғыны гараж кооперативтерінің бірінде ұсталды. Қызметтік иттің көмегімен Daewoo Nexia автокөлігін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 43 орам және екі таблетка табылды.

Кейін күдіктінің гаражын тексеру барысында жертөледен ұнтақ тәрізді заты бар 161 орам, ерекше иісі бар үш шағын ыдыс, термометр, zip-пакеттер, түрлі түсті изоленталар, электронды таразы және жазбалары бар дәптер тәркіленді.

Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайынан 44 орам есірткі, шамамен 200 бос zip-пакет, зат қалдығы бар пластик бөтелке бөлігі және ноутбук алынды.

Жалпы заңсыз айналымнан шамамен 500 грамм синтетикалық психотроптық зат тәркіленді. Бұл — 3 мыңнан астам бір реттік доза.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аса ірі мөлшерде есірткі айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.